Экология және табиғи ресурстар министрінің экотуризм мәселелері бойынша аңшылық пайдаланушылармен кездесуі

Экология және табиғи ресурстар министрінің экотуризм мәселелері бойынша аңшылық пайдаланушылармен кездесуі

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына ресми сапары барысында өңірдегі аңшылық және экотуризм саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Министр экожүйені сақтау мен аңшылыққа тәуелді салаларға қолдау көрсету арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Экология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен өткен жиынға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, аңшылықты пайдаланушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында аңшылықты дамыту, атап айтқанда жабайы аңдардың өсімін молайту және аңшылық шаруашылығын дамыту және шетелдік туристік аңшылықты дамыту қажеттігі туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ облыстың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Отырыста облыстың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағындағы аңшылық шаруашылық пен экологиялық туризмнің ағымдағы жағдайы туралы баяндамалар жасалып, оларды болашақта дамыту мүмкіндіктері айқындалды.

Бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар және жұртшылық арасында кездесулер мен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру өңірдегі аңшылықтың тұрақты дамуына жәрдемдесу стратегияларын әзірлеудегі маңызды қадам болып табылады. Табиғаттың әл-ауқатын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді негізде аңшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстар мен биоәртүрлілікті сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру маңызды.