
2023 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысындағы «Мелисса» ЖШС –не барды.
Бұл сапар өңірдегі орман шаруашылығы мен табиғи ресурстарды басқарудағы маңызды мәселелер аясында ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысы өзінің бай табиғи мұрасымен, әсіресе орман қоры аймағында танымал. Ол Қазақстанның негізгі орман құраушы түрлерінің барлық ағаш қорының 40%-ын алып жатыр.
Іс сапар барысында министр мен «Мелисса» ЖШС өкілдері өңірдегі орман ресурстарын басқару мәселелерін талқылады. «Мелисса» серіктестігі облыстағы түрлі орман шаруашылығы кәсіпорындарында ағаш дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығымен мемлекеттік орман қорының 4 учаскесі берілген облыстағы ірі ағаш өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Ағашты үнемді пайдалануға және жоғары сапалы өнімдерді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Кәсіпорын жоғары сапалы өнім шығару үшін заманауи жабдықтар мен технологияны пайдалана отырып, төмен сортты қатты ағаштан OSB тақталарын сәтті шығарады.
Бұл сапар табиғатты сақтау және оның ресурстарын тиімді пайдалану үшін ортақ жауапкершілікті көрсетеді.