Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20 қарашадағы № 27-4/263-НҚ бұйрығына сәйкес 2023 жылғы жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын қорғау үшін 1 желтоқсаннан бастап қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғау, оның ішінде негізгі жолдардың бекеттерінде заңсыз кесуден қорғау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 13 орман шаруашылықтарында тұрақты тексеру бекеттері құрылуда. Осы бұйрыққа сәйкес Ұлан, Катон-Қарағай ,Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Алтай, Самар аудандарында және Риддер қаласында қылқан жапырақты екпелер басым орман учаскелеріне патрульдеу маршруттары құрылды. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын заңсыз кескені үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық-бұзушылық заңының №381-1 бабы» және ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес жауапкершілік бойынша жауапқа тартылып, шығын көлеміне байланысты 100-ден 2000-ға дейін АЕК айыппұл және де кесілген әрбір қылқан жапырақты ағаш үшін 15 АЕК (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысы 2 бөлімінің 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес).