
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен серіктестікте орман ресурстарын сақтауға және тұрақты басқаруға бағытталған «Түрлі пайда алу үшін жаһандық маңызы бар экожүйелерді негізгі аумақтарды сақтау және тұрақты басқару» ЖЭҚ-БҰҰДБ жобасын іске асыруда.
Шығыс Қазақстан облысының 13 орман шаруашылығы мекемелерінің 3 орман шаруашылығы – «Риддер орман шаруашылығы», «Пихта орман шаруашылығы», және «Зайсан орман шаруашылығы» КММ-і пилоттық болып табылады.
ЖЭҚ-БҰҰДБ 2018 жылдан бері ынтымақтасады. Жобаны жүзеге асыру барысында орман шаруашылығына материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін техникалық қолдау көрсетіліп келеді. 2023 жылдың 27 қазанында «Пихта орман шаруашылығы», және «Зайсан орман шаруашылығы» КММ-неі Беларусь 920 М доңғалақты тракторы сатып алынып, тапсырылды. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің
01.09.2020 жылғы орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасын іске асыру шеңберінде қылқан жапырақты ағаш түрлерін өсіруге мамандырылған орман шаруашылығы тәлімбағында ағаш өсіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылады, , орман шаруашылығы бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 27 шілдесінде текущего года в КГУ «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не доңғалақты Беларус 82.1. тракторы тапсырылған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасына (БҰҰДБ) үлкен алғысымызды білдіреміз.