
2023 жылғы 17 қазанда «Риддер орман шаруашылығы» КММ-нің басқару жоспарын әзірлеудің мақсаттары мен міндеттерін талқылау бойынша БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері және де «Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бірлесіп ұйымдастырылған кеңесі өтті. Кеңеске ҚР ЭБЖМ ҚХЖМ Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, БҰҰДБ, «Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және қоғамдық ұйымдар –өкілдері қатысты.
Сондай - ақ, бүгін өтеусіз негізде «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не - 17 бензо ара, «Пихта орман шаруашылығы» КММ-не 7 бензо ара берілді.
БҰҰДБ өкілдеріне біздің ормандарды қорғауға, дамытуға үнемі жәрдемдесіп, көмек көрсетіп отырғаны үшін зор алғысымызды білдіреміз!