Құрметті Әріптестер, Орман шаруашылығының қызметкерлері!

Құрметті  Әріптестер, Орман шаруашылығының қызметкерлері!

Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні»  кәсіби мерекесі аталып өтеді. ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және қорғау басқармасында, сонымен қатар басқармаға қарасты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерде орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Айтулы мереке қарсаңында, қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығына шыдас беріп, орман қорын сақтап, молайту мақсатында ұзақ жылдар бойы қызмет жасап жүрген орманшыларға құрмет көрсетілді

Мереке барысында басқарма басышысының міндетін атқарушы А.Н. Есентаев мекеме қызметкерлін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымын айтып өтті. Кәсіби мереке қарсаңында қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар ұсынылды.

Мемлекет басшысы да аталған салаға ерекше назар аударып отыр. Сол себепті Орманшылар алдында үлкен мәселелер тұр. Бұл орман алқаптарын молайту, саладағы ғылыми жұмыстарды жандандыру және жаңа технологияларды енгізумен қатар осы бағыттағы жұмыстарға жаңа екпін беру болып табылады.

Орман – бұл ресурс, біз орманды қорғаймыз және еліміздің экономикасы үшін пайдаланамыз. Елімізде өрттерден ормандарды қорғау қызметі бойынша республикамызда көп жұмыс атқарылып жатыр, жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстары, экологиялық ағарту және білім беру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл біз үшін орманның қаншалықты құнды және маңызды екенін көрсетеді. Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз.

Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануды реттеу күрделі мәселелердің бірі екені сөзсіз. Біздің бар дәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған өлке табиғаты болып табылады. Ал Сіздер сол байлықтарды қорғап, көбейтуде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатырсыздар!

Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!

Құрметпен,

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы