
2023 жылғы 9 қазан ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында «VELMAR» ЖШС және «ОПТИКС» АҚ (Болгария) өкілдерімен, оптикалық-электрондық жабдықты әзірлеу, өндіру және бақылау жүйелері бойынша кездесу өткізілді
Компания орман өрттерін ерте анықтаудың интеграцияланған, ерте кезеңдерде өртті анықтауға мүмкіндік беретін өртті жедел сөндіру және сәйкесінше қоршаған ортаға зиянды азайту мақсатында «OPTIX IdentiFIRE» жүйесінің жұмысының тұсаукесерін өткізді..
Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"» РММ, «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Шығыс буынының және де обылыс әкімдігінің қарауындағы 13 орман шаруашылы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директорлары мен мамандары қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.