«Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы

«Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы

«Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы алғаш рет ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамашылығымен 2019 жылы бастау алды. Қәзіргі таңда бұл іс-шара дәстүрге айналып, осы жылдың 5 қазан күні өткізілді.

Акцияның мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Экологиялық акцияларды қолдай отырып, әрқайсымыз туған өлкенің бірегей табиғатын сақтауға өз үлесімізді қосамыз.