Қоғамдық тыңдауларды өткізі туралы хабарлама

Қоғамдық тыңдауларды өткізі туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін ұзартуға байланысты (ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 11.05.2020 жылғы № 7 қаулысы) және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның түсіндірмелерін басшылыққа ала отырып келесіні хабарлаймыз.

Карантиннің әрекет ету кезеңінде ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар бейнеконференциябайланыс (БКБ) арқылы өткізілетін болады.

Бұл ретте тапсырыс беруші БКБ форматында қоғамдық тыңдауларды өткізу күні мен уақытын алдын ала жергілікті атқарушы органмен келіседі, қоғамдық тыңдау бейнеконференциялар арқылы өткізілгенге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-да келесі мәліметтерді көрсете отырып жариялайды:

- қоғамдық тыңдауларды бейнеконференциялар арқылы өткізу интернет-алаңның мекенжайы (сілтеме), күні, уақыты, сондай-ақ кіру үшін логин мен құпия сөзін;

- жергілікті атқарушы органның атауы және қатысушыларды тіркеу және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректерін;

- ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайын;

- жұртшылық өкілдері жобалардың материалдарымен электрондық түрде танысу үшін жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның және тапсырыс берушінің интернет-ресурсының мекенжайын;

- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;

- тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;

- тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайын;

- құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері.

Өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады: Тапсырыс берушінің баяндамаларын тыңдау және барлық тілек білдірушілердің сөздері бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі.

Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар қолданыстағы Қағидаларға сәйкес өткізіледі.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сұрақтар бойынша 8(7232)25-72-06, 8-777-852-92-03 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.