
Бүгін 2023 жылғы 16 қыркүйекте "Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2023)" "Birge-Taza Qazaqstan"жыл сайынғы экологиялық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін өткізу арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Акция жастар, балалар және еріктілер тарапынан кеңінен қолдау тапты. Акцияны қолдай отырып, әрқайсымыз туған өлкенің бірегей табиғатын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Барлық қатысушыларға белсенділігіңіз үшін рахмет.