
Құрметті қала тұрғындары! Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өз қызметімен және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен танысу мақсатында 2023 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін «Ашық есік күнін» жариялайды. Осыған сәйкес Ашық есік күніне мектеп оқушыларын, студенттерді, аспиранттарды, қоғамдық ұйымдарды, БАҚ өкілдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелерін және барлық тілек білдірушілерді шақырамыз. Мекен-жайымыз: Өскемен қ., көш. К.Либкнехт, 19, 1-қабат.