
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен серіктестікте орман ресурстарын сақтауға және тұрақты басқаруға бағытталған «Түрлі пайда алу үшін жаһандық маңызы бар экожүйелерді негізгі аумақтарды сақтау және тұрақты басқару» ЖЭҚ-БҰҰДБ жобасын іске асыруда.
Шығыс Қазақстан облысының 13 орман шаруашылығы кәсіпорнының 3 орман шаруашылығы – Риддер, Пихтовский және Зайсан орман шаруашылығы пилоттық болып табылады, олармен 2018 жылдан бері Жоба ынтымақтасады. Жобаны жүзеге асыру барысында орман шаруашылығына материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін техникалық қолдау көрсетіледі. Ағымдағы жылы (27 шілдеде) Риддер орман шаруашылығы мекемесіне Беларусь 82.1 доңғалақты тракторы сатып алынып, тапсырылды, ол қылқан жапырақты ағаш түрлерін өсіруге мамандырылған орман шаруашылығы тәлімбағында ағаш өсіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылады, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасын іске асыру шеңберінде, орман шаруашылығы бойынша іс-шаралар жүргізілді.