
"Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
| Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрықпен бекітілген |
1. Осы Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайырымдылық саласындағы құрметті атақ (бұдан әрі – құрметті атақ) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) демеушілік қызмет – демеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
2) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
3) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;
4) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
5) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық жасаушымен жасалған шарттың негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қайырымдылыққа қатысатын жеке адам;
6) қайырымдылық ұйымы – Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
7) меценаттық қызмет – меценаттың Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
8) филантропиялық қызмет – филантроптың Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі.
3. Құрметті атақ қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық волонтерлеріне беріледі.
4. Құрметті атақ филантропиялық, меценаттық, демеушілік қызметті, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қайырымдылық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
5. Құрметті атақ беру қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірінші басшысының бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) құрылған Құрметті атақ беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүзеге асырылады.
6. Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылар мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан қалыптастырылады.
7. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
8. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
9. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде он бес адамды құрайды.
10. Комиссия құрамына құрметті атақ алуға үміткерлер кірмейді.
Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде, Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы Комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссияның төрағасы мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:
1) мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру жолымен оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;
2) 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде бұйрыққа сәйкес Комиссия құрамын қайта қарайды.
11. Құрметті атақтар беруге ұсыныстарды (бұдан әрі – ұсыныс) қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және уәкілетті органның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда орналастырады.
12. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар жібереді.
13. Уәкілетті орган құрметті атақ беру үшін үміткерге ұсыныстарды (7 беттен аспайтын) түскен кезден бастап бір күн мерзімде тіркейді.
14. Уәкілетті орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде электрондық пошта арқылы Комиссия мүшелеріне үміткерлердің ұсыныстарын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парақтарын жібереді.
15. Комиссия мүшелері Уәкілетті органнан ұсыныстарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бағалау парақтарын толтыра отырып, төмендегі өлшемшарттар бойынша ұсыныстарды зерделейді және 0-ден 5 балға дейін бағалайды:
1) әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;
2) қайырымдылық қызметтің сандық нәтижелерінің болуы;
3) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың тұрақтылығы мен әсері.
Әр өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және жалпы балл шығарылады.
16. Құрметті атақ беруге кандидатураны бекіту туралы Комиссияның шешімі Комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Кандидат осы Қағидаларға № 2 қосымшаға сәйкес бағалау парағын іріктеудің үш өлшемшарттың бірінде "0" балл алған кезде құрметті атақ берілмейді.
17. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды.
18. Құрметті атақ беру Уәкілетті органның бірінші басшысы немесе басқа да лауазымды адамдары салтанатты жағдайда жүргізеді және 5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне орайластырылады.
19. Құрметті атаққа ие болған адамдарды есепке алуды Уәкілетті органның Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.
20. Құрметті атақ беру кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада құрметті атақ беруге хаттама жасалады, құрметті атақ табыстаған адамның қолымен, Уәкілетті органның мөрімен, сондай-ақ марапатталушының және Комиссия хатшысының қолымен бекітіледі.
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ______________________________
2. Туған күні ________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
3. Туған жері ________________________________________________________
(республика, облыс, қала, аудан, ауыл)
4. Жынысы __________________
5. Білімі ____________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы)
6. Білімі бойынша мамандығы _________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) ____________________
________________________________________________________________________
8. Жұмыс орны және лауазымы ________________________________________
________________________________________________________________________
9. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталды және марапаттау күндері
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Үй мекенжайы ___________________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі ______________________________________________
12. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
13. Қайырымдылық саласындағы ______________________________________
14. Үміткердің нақты ерекше сіңірген еңбегін көрсететін сипаттама
_______________________________________________________________________
15. Қайырымдылық саласының дамуына қосқан әлеуметтік үлесі және оның нәтижелері туралы ақпарат (әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін, көрсетілген/көрсетілетін қайырымдылық қызметінің саны мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың әсерін көрсету)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
16. Кандидатура талқыланып, ұсынылды _______________________________
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы, талқылау күні, хаттама №______ )
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсынылады
Ұсынысты жіберетін адам ___________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________жылғы "___"_____________
(Мөр орны)
(болған жағдайда)
Ескертпе: марапатталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транскрипциясын міндетті түрде көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша толтырылады.
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде): ________
___________________________________________________________________
Толтырылған күні: _____________________________________________
Іріктеу өлшемшарттары:
1. Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық –3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері өте жақсы – 5 балл);
2. Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы (нәтиже жоқ – 0 балл, деңгейі төмен – 1-2 балл, қызмет деңгейі орташа – 3-4 балл, деңгейі жоғары – 5 балл);
3. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың тұрақтылығы мен әсері (әсер жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері тұрақты – 5 балл).
Жүктеу
|
№ |
Атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) |
Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі |
Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы |
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың тұрақтылығы мен әсері |
Балл сомасы |
Түсіндірме |
|
1 |
||||||
|
2 |
(Қолы)
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
__________________________________________________________________
(табыстау күні, айы, жылы)
Мен, _______________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешіміне сәйкес
Қазақстан Республикасының атынан 20___ жылғы "___" ________ № ____ табысталды
____________________________________________________________________
(төсбелгі, марапатталушының аты-жөні және лауазымы)
Комиссия басшысы: ________________________________ мөр орны
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Комиссия хатшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________