
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылған «Табиғатты аяла» қалалық плакаттар мен бейнероликтер байқауының қорытындысы 2023 жылғы 13 маусымда шығарылды.
Өскелең ұрпақтың санасында қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың негізгі қағидаттарын қалыптастыру – мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорындар үшін ортақ мақсат болып табылады. Байқаудың мақсаты - экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына аялап қарауды тәрбиелеу.
Байқауды ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «ECOJER» КАРЭИ ЗТБ ШҚО бойынша филиалымен, ШҚО білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Өткізілетін байқаудың демеушісі болып «Қазцинк» ЖШС қазақстандық металлургиялық компаниясы табылды.
Байқауға Өскемен қаласындағы қалалық мектептердің 5-8 сынып оқушылары қатысты. Жас дарындар шығармашылық жұмыстарына өздерінің жан-тәнін салысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Қазцинк» ЖШС өкілі жеңімпаздарға ноутбуктер, планшеттер және смарт-сағаттар табыс етті.
«Алтын ММ» ЖШС талантты қатысушыларды грамоталармен және Marwin балаларға арналған тауарлар дүкенінің сыйлық сертификаттарымен атап өтті.
«Су ресурстарын қорғау тақырыбындағы үздік плакат» номинациясында:
І орынды Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейінің оқушысы Қайратова Карина иеленді.
ІІ орынды Рыспаева Айкерим (Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей) және Жанболат Айсұлу (№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы) бөлісті.
ІІІ орын: Вергун Ангелина (№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы); Аманжолова Мадина (№26 орта мектеп) және Анфилофьева Екатерина (№30 жалпы білім беретін мектеп).
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау тақырыбындағы үздік бейнеролик» номинациясында:
І орынды № 45 орта бейінді мектептің оқушысы Еркінова Еркежан иеленді.
ІІ орынды Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейінің оқушылары Шаймұратова Диана және Шериазданов Алдияр бөлісті.
ІІІ орынды Исайкин Рухин (№26 орта мектеп); Асетұлы Альтайыр (№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы) және Өскембаева Ислана (№47 орта мектеп) иеленді.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының атынан «ECOJER» КАРЭИ ЗТБ, ШҚО білім басқармасы және байқаудың демеушілері «Қазцинк» ЖШС, «ТМК ALTYN ММ» ЖШС шын жүректен алғыс білдіреміз.