
Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын бекітті.
Анықтама: жол картасы Қазақстан Республикасы ТЖМ (2022 жылғы 26 қаңтардағы№ 29), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 46) және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің (2022 жылғы 7 ақпандағы№36) бірлескен бұйрығына сәйкес өзектендірілді.
Облыс бойынша Жол картасына барлығы 21 іс-шара енгізілген. Облыстық мәслихаттың 11.03.2022 ж.XIII кезектен тыс сессиясының шешімімен Катонқарағай ауданы Ақсу маңындағы Ақсу өзенінде ұзындығы 200 м жағалауды нығайту жұмыстарын іске асыру үшін қаражат бөлініп, толық көлемде орындалды.