«ШығысУниверсал» ЖШС өндірісінде балық шаруашылығын дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру

«ШығысУниверсал» ЖШС өндірісінде балық шаруашылығын дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында «ШығысУниверсал» ЖШС форель шаруашылығы өндірісімен танысу және ұжыммен кездесу болды.

Кәсіпорын 2017 жылы құрылып пайдалануға берілді.

Өскемен су қоймасында 2027 жылға дейін жалдау мерзімі бар тор қоршамада балық өсіру - кәсіпшілік учаскесі бар.

Тауарлық балық өндірісінің негізгі бағыты – форель, көкшұбар және пайда. Жобалық қуаты 2030 жылға қарай жылына 1000 тоннаны құрайды.

Ұйым өз шикізатын Өскемен қаласындағы өңдеу цехында өсіреді және өңдейді.

Өнімнің негізгі ассортименті: салқындатылған, ысталған, тұздалған, кептірілген балық, балықтың жон еті, балықтың денесі, кесінділері, сорпа жиынтығы.

Өнімдер облыс пен елдің ішкі нарығында сатылады. Балық өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттау жолға қойылды.

Бұрынырақ шабақтар бастапқы өсу кезеңінде Польша мен Алматы қалаларынан сатып алынған болатын. Тәжірибе көрсеткендей, бұл тиімді болмады. Бүгінгі таңда жеке балық отырғызу материалын алу үшін әлеуетті қуаты 31 млн. астам форель және ақсақа балық түрлерінің дернәсілдерін алатын инкубациялық цех пайдалануға берілді. Тоғандарды жаңарту жүргізілді.

Жыл сайын өздерінің инкубациялық цехында 1 млн. дана ұрықтандырылған уылдырық өсіріледі. Өткен жылы 500 мың дана  форель шабақтары өндірілді.

Балық басын толықтыратын өз аналық балық үйірі құрылды, 120 мың дана уылдырық алынды, өз өндірісінен 50 мың дана шабақ өсірілді.

Осылайша, кәсіпорын өзін балық өсіретін материалмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

Форельге арналған импорттық жем Алматыдан сатып алынады. Негізінен Дания мен Финляндия өндірген импорттық жем қолданылады.

Кәсіпорын форель тауарлық балығын өсіру бойынша Балық шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасының индикаторларының негізгі орындаушыларының бірі болып табылады.

Өткен жылы 500 тонна тауарлық балық өсірілді.

Ағымдағы жылдың жоспары – 600 тонна.

40 жұмыс орны құрылды. Ұжым өте тату, әр маман өз ісінің шебері.

«ШығысУниверсал» ЖШС директоры Дмитрий Ольман түсіндіргендей -облыс әкімі Д. Ахметовтың қолдауымен ағымдағы жылға балық шаруашылығының шығыстарын өтеу бойынша субсидиялауға облыстық бюджеттен 189 млн. теңге бөлінді.

 

Бүгінгі күні порталмен техникалық пысықтау жүргізілуде, келесі айда мемлекеттік қолдау аламыз деп үміттенеміз.

Сондай-ақ, біздің учаскеде қосымша рекреациялық аймақ, панажай, балық аулау, қайықпен серуендеу,  экскурсиялар ұйымдастырылды.

Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын біздің балық шаруашылығымызға келуге шақырамыз.