
Экологиялық кодексте қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауда жариялылық пен жұртшылықтың қатысуы үшін қоғамдық тыңдаулар (өткізу көзделген.
Тыңдаулар қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін, барлық жобалар үшін міндетті және олар экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде жүргізіледі.
Тыңдауларды ұйымдастыру мен өткізудің барлық тәртібі «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында» баяндалған.
Қағидаларда қоршаған ортаға әсер ететін неғұрлым маңызды жобалар үшін – ашық жиналыстар, сондай – ақ Бірыңғай экологиялық порталда жария талқылаулар өткізу көзделген.
Тыңдауға шығарылатын хабарландырулар мен материалдарды орналастыру үшін Бірыңғай экологиялық порталда – «Жарияланған қоғамдық тыңдаулар» арнайы айдары құрылған (https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/PublicHearingIndex).
Тыңдауларды өткізуге өтінім беру, хабарландырулар мен тыңдауларға шығарылатын материалдарды орналастыру үшін Бірыңғай экологиялық порталда арнайы айдар жасалды (ecoportal.kz).
Бұл айдарда барлық жоспарланған тыңдаулармен танысып, сәйкесінше қызығушылық танытқан жағдайда қатысуға болады.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында (www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat), «Қызмет бағыты» бөлімінде, «Қоғамдық тыңдаулар» айдарында материалдармен танысуға мүмкіндік бар.
Міндетті интернет-ресурстардан басқа, көзделіп отырған қызметтің бастамашысы, көзделіп отырған тыңдаулар туралы хабарландыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, теле - немесе радиоарна), сондай-ақ мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде жариялауға міндетті.
Айта кету керек, тыңдауларға кез келген адам қатыса алады және қарастырылып отырған жоба бойынша өз пікірлерін айта алады.
Тыңдауларға қатысқан кезде жеке куәлік құжатын көрсеткен кезде, қатысушылар тіркеуден өтуі қажет. Себебі қоғамның барлық сұрақтары, ескертулері, ұсыныстары сөз сөйлеушінің деректерін көрсете отырып, хаттамаға енгізіледі.
Хаттама тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру астында, сол хабарландыру орналасқан интернет-ресурстарда жарияланады.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу нәтижелері экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезінде қаралады және ескеріледі. Бұл ретте қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберіндегі мәселелер қаралуға жатады.