Назар аударыңыздар! «Табиғатты аяла» плакаттар мен бейнероликтер байқауының мерзімі ұзартылды!

Назар аударыңыздар! «Табиғатты аяла» плакаттар мен бейнероликтер байқауының мерзімі ұзартылды!

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге арналған «Табиғатты аяла» плакаттар мен бейнероликтердің байқауына шығармашылық жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылу туралы хабарлайды. Байқауға жұмыстарды қабылдаудың аяқталу мерзімі - 2023 жылғы 7 маусым. Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау Өскемен қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

«Табиғатты аяла» плакаттар мен бейнероликтер байқауы білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Байқауға екі номинация бойынша қатысуға Өскемен қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары шақырылады:

- «Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбындағы үздік бейнеролик»;

- «Су ресурстарын қорғау тақырыбындағы үздік плакат».

Конкурсқа қатысушылар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша бір ғана жұмыс ұсына алады.

Байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау 2023 жылғы 9 маусымда өтеді.

Байқау жұмыстары a.zhanbolatova@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады немесе қолма-қол: Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19-308, «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жолданады, тел. 8 (7232) 25-93-55, 8-777-990-69-47 (WhatsАpp).

«Табиғатты аяла» қалалық қашықтан плакаттар мен бейнероликтер байқауын өткізу ережелерімен ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat/press/news/details/559697?lang=kk сілтемесі арқылы толығырақ танысуға болады (фотолентаны қараңыздар).

 

#Tabigat_upr_vko