
Ағымдағы жылдың 19-20 мамырында Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зулфия Сүлейменова келді.
19 мамырда Риддер қаласында халықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Сондай-ақ, Зулфия Сүлейменова 2021 жылы Риддер қаласының аумағында ірі өрттен өткен учаскелерде «Риддер орман шаруашылығы» КММ орман қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен танысты.
Бұдан әрі Зулфия Сүлейменова «Пихтовка орман шаруашылығы» КММ Бутаков орманшылығының аумағындағы ірі орман питомнигінің жұмысымен танысты, бұл орманшылықта ел Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік орман қорында отырғызу үшін отырғызу материалдары өсіріледі.
20 мамырда Зульфия Сүлейманова орман-дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысты. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша министр оқу-жаттығудың барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.