«Орман қорының өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы туралы»

«Орман қорының өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы туралы»

 

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Нағашыбайұлы Есентаев облыс әкімінің орынбасары Е. А. Нұрбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында «орман қорының өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы туралы» баяндама жасады.

Бүгінгі күні 160 бірлік өртке қарсы техника және 3000-нан астам бірлік өртке қарсы құрал-жабдықтар мен жабдықтар (РЛО, мотопомпалар, шынжырлы аралар, хлопушкалар және т.б.) әзірлікке келтірілді.

13 Орман шаруашылығы КММ аумағында ағымдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық жүргізілуде, 27,2 тонна дизель отыны және 40 тонна бензин көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.

Алдағы мамыр мерекелерінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықты ақпараттандыру және түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізу жоспарлануда.