«БІЗДІҢ АСПАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫҢ БІРІНШІ ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

«БІЗДІҢ АСПАН»  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БАСТАМАЛАРДЫҢ БІРІНШІ ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылғы 21 сәуірде Өскеменде атмосфералық ауа проблемаларына арналған «БІЗДІҢ АСПАН» экологиялық бастамалардың Бірінші өңіраралық форумы өтті.
Форумды «ECOJER» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы ұйымдастырды.
Форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты О.А. Булавкина, Шығыс Қазақстан мемлекеттік органдар, экология шеңберіндегі түрлі салалардың сарапшылары, қоғамдық ұйымдар, өндірістік кәсіпорындар және экологиялық белсенділер қатысты.
Форум бизнес, мемлекеттік органдар, сарапшылар мен экологиялық белсенділер арасындағы тікелей диалог алаңын қамтамасыз етті. Іс-шарада халықаралық және отандық сарапшылардың экологиялық тәжірибелері таныстырылды.
Форум Д. Серікбаев атындағы техникалық университетте өтті.
Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова қатысушыларға қашықтан жүгінді. Ол атмосфералық ауаның сапасы адамдардың денсаулығы үшін де, жалпы ел экономикасы үшін де шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Іс – шараның басты ерекшелігі – табиғатты қорғау саласындағы түрлі азаматтық бастамаларды қарау. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, атмосфералық ауаның жай-күйі, газдандыру, өнеркәсіптік қалалардың жайлы және экологиялық ортасы, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу перспективалары проблемалық мәселелерін талқылай алды.