Облыс су айдындарына көктемгі балық жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс су айдындарына көктемгі балық жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамыту жоспары шегіндегі шарттық міндеттемелерін орындау және ұйымдардың, кәсіпорындардың келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өтемдік шараларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жүзеге асырылуда.

Негізінен балық жіберу балықтардың келесі бағалы түрлерімен жүргізіледі: сазан, тұқы, ақ амур және ақсаха түрлері (пайда, көкшұбар).

Бюджет қаражаты есебінен жасанды балық жіберу халықтың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешудің әдістерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың жақсаруына және саланың дамуын жоспарлауға ықпал етуі тиіс.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Бұқтырма су қоймасына көктемгі балық жіберу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 19 млн. дана пайда дернәсілдері жіберілді.

Бұл іс-шара, ең алдымен, ақсаха балық түрлерінің  тұрақты популяциясын құруға және Ертіс бассейнінің экожүйесін тұрақтандыруға бағытталған.

Іс –шараның белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

Қазіргі уақытта балық ресурстарын сақтау және өсімін молайту мақсатында балық шаруашылық су айдындарына балық жіберу жұмыстары жалғасуда.

Балық жіберу бойынша қорытындылар ағымдағы жылдың мамыр айының соңында есептеледі.