Жануарлар әлемінің биоалуантурлігін сақтау.

Жануарлар әлемінің биоалуантурлігін сақтау.

Облыс аумағында құстардың 335 түрі және сүтқоректілердің 94 түрі мекендейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің 50 түрі кездеседі.

Облыстың едәуір аумағын, ал бұл 1 млн.гектардан астам аумақты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік қорықтар, табиғи резерваттар мен қаумалдар).

Облыс аумағында қар барысы, манул, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, джек дуадағы секілді жануарлар, балықтардың эндемикалық түрлері – майқан, үскіш, таймень мекендейді және олар қорғалады.

Бұл түрлердің әрқайсысы Батыс және Оңтүстік Алтайдың табиғи қазыналарының қоржынындағы асыл тас болып табылады.

Жыл сайын орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумақтарында биотехникалық іс шаралар тиімді өткізіледі:

- жабайы тұяқты жануарлар санының өсуіне жағдай жасау (қоректендіргіштер мен шатырларға жөндеу жүргізілді, шөп төсеу, дәнді дақылдар салу, тұз төсеу және жаңарту);

- зиянды жануарлардың санын реттеу (қасқыр, сұр қарғалар).

Суда жүзетін құстардың санын қалпына келтіру мақсатында 2016 жылдан бастап көктемгі аң аулауға мораторий енгізілді (аңшылардың антропогендік жүктемесінің жоғары болуына байланысты). 2021 жылы мораторий ашылды.

Соңғы 5 жылда жүргізілген биотехникалық іс-шаралардың нәтижесінде жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіпшілік түрлерінің популяцияларының жай-күйін тұрақтандырып, олардың санының тұрақты өсуіне қол жеткізілді (бұлан, марал, елік, тау-теке, жабайы шошқа, аю, құр, меніреу, сұрқур, шілдер).

Күзет іс-шараларымен 8,9 млн.га аңшылық алқаптармен, су объектілері қамтылды, оның ішінде: 5 ірі және 3,7 млн. га орман қоры.

Жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігін сақтау мемлекет тарапынан қорғалады.

Мақала авторы: «Улкен-Нарым орман шаруашылығы» КММ аңшы маманы Авдиковский В. И.