21 сәуірде Өскемен қаласында "БІЗДІҢ АСПАН" атты Экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы өтеді.

21 сәуірде Өскемен қаласында "БІЗДІҢ АСПАН" атты Экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы өтеді.

Форум бизнес, билік, сарапшылар мен экологиялық белсенділер арасындағы тікелей диалог алаңын қамтамасыз етеді.

♻️Іс-шарада халықаралық және отандық сарапшылардың үздік экологиялық тәжірибелері таныстырылады. Кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларды азайту жөніндегі бастамалары мен шешімдері айтылады. Шығыс Қазақстан облысын газдандыру жоспарлары таныстырылып, келешегі талқыланады. Экономикалық дамуды, қолжетімді инфрақұрылымды және таза табиғатты теңдестіре отырып «тұрақты қалаларды» қалыптастыру үшін жағдай жасау мәселелері қарастырылады.

ФОРУМҒА:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Экологиялық белсенділер

Халықаралық сарапшылар

Қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

Форумды ұйымдастырушы – «ECOJER» Қазақстандық Қауымдастығы.