«ORNIS – 2023» экологиялық фестивалі

«ORNIS – 2023» экологиялық фестивалі

12 сәуірде «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» Халықаралық құстар күніне арналған «Ornis-2023» қалалық экологиялық-орнитологиялық фестивалін өткізді.

Іс-шараның мақсаты Өскемен қаласы мектептерінің оқушыларын туған өлкесінің биологиялық әртүрлілігін зерттеу, құстардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін тану саласындағы білімдерін жетілдіру және табиғатты қорғау шараларын жүргізу жұмыстарына тарту болды.

Фестивальда «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» 2022-2023 оқу жылында өткізілген экологиялық және орнитологиялық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды: мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің қыс мезгілінде құстарды азықтандыратын «Құстарға көмектесейік» акциясы. Оның шеңберінде қыстайтын құстарға жем беретін астаулар дайындау, оларды ілу және құстарды азықтандыру ұйымдастырылды. Акцияға Өскемен қаласының барлық 43 мектебі мен 37 балабақшасы қатысып, қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар дайындалды.

«Ornis-2023» фестивальін өткізу қалалық білім бөлімі бекіткен «Жер - біздің ортақ үйіміз» экологиялық бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және  ол Өскемен қаласы оқушыларының бердвотчерлік және орнитологиялық қозғалыстарын жандандыруға ықпал етеді.