
2023 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағаның орынбасары Д.Г. Тұрғамбаевтың төрағалығымен Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылықтары базасында ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру мүмкіндігі мәселесі бойынша талқылау өтті. Риддер қаласының тұрғындары, қаланың қоғамдық кеңесі, қоғамдық, ғылыми ұйымдар, Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының сарапшылары және Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қатысты.