2023 жылдың көктемгі аңшылық маусымы

2023 жылдың көктемгі аңшылық маусымы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген аңшылық алқаптарында көктемгі аң аулау маусымының ашылғаны туралы хабарлайды:

- аюдың аталықтары мен қысыр қалған аналықтарына 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге (15 сәуір мен 15 мамыр аралығында) рұқсат етіледі;

- аталық үйректерді 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге (кезең ішінде) рұқсат етіледі (1 наурыздан 15 мамырға дейін);

- аталық құрлар мен қараша аталықтарын аулауға 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге (10 сәуір мен 15 мамыр аралығында) рұқсат етіледі.

Аң аулау жануарлар әлемінің сирек кездесетін жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту мақсатында жануарлар әлеміне ұқыпты қарап, жануарлардың түрлері мен мерзімдеріне сәйкес жүргізілуі керек.

Аң аулау үшін аңшыларға тиісті құжаттарды алулары керек: жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары.

Атыс қаруымен аң аулау кезінде – сақтауға, жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы атыс қаруымен жұмыс істеу кезінде аң аулау ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Құжаттар болмаған, аң аулау ережелерін сақтамаған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін аулаған жағдайда аң аулау браконьерлік ретінде бағаланады, ол үшін құқық бұзушылар жауап береді.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап Аң аулау қағидаларын (бұдан әрі-қағидалар) өзгерістер күшіне енгенін хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 30 бұйрығы).

1) егер аң аулау атыс қаруын қолданумен жүргізілсе, 21 жасқа толған;

2) егер аң аулау осы Қағидаларда рұқсат етілген басқа да аулау құралдарының түрлерін, аңшылық иттер мен аңшылық жыртқыш құстарды қолдана отырып жүргізілсе, он төрт жасқа толған;

3) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігінің болуы;

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымшада көзделген нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу.

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер үшін аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шарт, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына атыс аңшылық қаруы мен оның патрондарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге арналған қорытындысы негізінде туындайды.

Бұрын атыс қаруымен аң аулауға 18 жастан бастап рұқсат етілген.