
1970 жылдан 2018 жылға дейін планетадағы жабайы табиғат саны 69% - ға азайды. Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) «тірі планета – 2022» баяндамасында айтылған.
«Сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың және қосмекенділердің санын көрсететін тірі планета индексіне сәйкес жабайы табиғат популяциясының орташа төмендеуі 69% құрады. Зерттеу барысында жануарлардың 32 мыңға жуық түрлерінің саны талданды», - делінген хабарламада.
Жабайы жануарлар санының елеулі төмендеуі Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағында байқалды. Онда ол 94% төмендеді. Африкада жабайы жануарлар 66% - ға, Азия мен Тынық мұхиты аймағында 55% - ға, Солтүстік Америкада 20% - ға азайды. Еуропа мен Орталық Азияда бұл көрсеткіш 18% құрады.
WWF мәліметтері бойынша, жабайы табиғат үшін қауіпті ауыл шаруашылығы, аң аулау, ормандарды кесу, ластану және климаттың өзгеруі болып табылады.
Осыған байланысты бүгінгі таңда биоалуантүрлілікті сақтау бойынша мәселелері өзекті бағытқа ие.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи-климаттық аймақтарының үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде зор биологиялық әр түрлілігімен түсіндіріледі.
Облыс аумағында құстардың 335 түрі және сүтқоректілердің 94 түрі мекендейді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, құрып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.
Бүгінгі таңда Абай облысы құрылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат ауданы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен Шығыс Қазақстан облысының аумағы 9 785,9 мың га құрайды, оның ішінде облыстың едәуір аумағы ал бұл 1 325,4 мың га ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (мемлекеттік қорықтар, табиғи резерваттар мен қаумалдар) алып жатыр. Шығыс Қазақстанда олардың саны-11.
Ерекше күтілетін табиғи аумақтарды құруға құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын сақтау мен көбейту мүмкіндік туғызды. Облыс аумағында ілбіс, сабаншы, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, жек дуадағы балықтардың эндемикалық түрлері – майқан, үскіш, таймень секілді жануарлар мекендейді және олар қорғалады.
Осы түрлердің әрбіреуі Батыс және Оңтүстік Алтай табиғаты қазынасының қоржынында асыл тастар болып табылады.
Жүргізілген биотехникалық іс-шаралар нәтижесінде жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіпшілік түрлері популяциясының жай-күйін тұрақтандыруға және олардың санының тұрақты өсуіне қол жеткізілді (бұлан, марал, елік, сібір тау ешкісі, қабан, аю, саңырау құр, құр, шіл).
Облыста халықаралық маңызы бар бірнеше ірі су қоймалары: Зайсан көлі, Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су қоймалары, Ертіс өзені және жергілікті маңызы бар 60-тан астам балық шаруашылығы су айдындары бар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың балық шаруашылығы су айдындарына 65,6 млн. данадан астам балықтың құнды түрлерінің шабақтары жіберілді (тұқы, ақсаха).
Балық ресурстарын сақтау және өсімін молайту мақсатында балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде жалғасады.