Жер сағаты-Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен бүкіл әлемде өткізілетін ең ауқымды халықаралық экологиялық акция

Жер сағаты-Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен бүкіл әлемде өткізілетін ең ауқымды халықаралық экологиялық акция

Жер сағаты-Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен бүкіл әлемде өткізілетін ең ауқымды халықаралық экологиялық акция. Қазақстан оған 2009 жылы еріктілердің қолдауымен қосылды.
Акцияның мақсаты-планета тұрғындарының табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауына шақыру.
Дәстүр бойынша, осы тақырыптарға назар аудару үшін наурыздың соңғы сенбісінде тұрғындар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты өшіреді, акцияны мемлекеттік және жеке ұйымдар да қолдайды. Жер сағаты акциясына бүкіл әлем бойынша шамамен 2 миллиард адам қатысады. Бұл 180 ел және 7 мың қала. Халықаралық акцияны WWF Орталық Азия бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, G-Global "жасыл" экономика және даму коалициясы және "тұрақты даму"Жер Қоры ұйымдастырды.