Жаңұзақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км-дегі Ұлан өзеніндегі гидротехникалық құрылыстың су тасқыны қаупі бар кезеңіне коммуналдық меншіктің Су шаруашылығы объектілерінің дайындығы туралы

Жаңұзақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км-дегі Ұлан өзеніндегі гидротехникалық құрылыстың су тасқыны қаупі бар кезеңіне коммуналдық меншіктің Су шаруашылығы объектілерінің дайындығы туралы

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 131 Гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде "Шығыс су қоймалары" КМК балансында 34 ГТС бар:

- Су қоймаларының 18 бөгеті;

- 15 тоған бөгеттері;

- 1 шлюз-реттегіш.

Жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында "Шығыс су қоймалары" КМК кәсіпорнымен су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізіледі.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның 34 бөгетінен тоғандар мен су қоймаларынан 9 ГТС-қа дейін су ағызу жұмыстары су тасқыны кезеңінде су айдындарының жинақтаушы көлемін құру үшін жүргізілуде;

2023 жылғы су тасқыны кезеңінен кедергісіз өту үшін мынадай шаралар қабылданады:

  1. Бөгеттер тоғандар мен су қоймаларының жанында орналасқан елді мекендерде халықты хабардар ету схемалары жаңартылды;
  2. Жауапты инженер-гидротехниктер бөгеттердің тоғандардың және су қоймаларының толу жағдайына көзбен шолып тексеру жүргізеді.
  3. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік қойылатын болады.

Бұдан басқа, су тасқыны кезеңімен күресу, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы 17-18 наурыз аралығында ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және "Шығыс су қоймалары" КМК қызметкерлері су тасқыны қаупі бар кезеңге коммуналдық меншіктің Су шаруашылығы объектілерінің дайындығын тексеру мақсатында Ұлан ауданына баруды жүзеге асырды.

Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу бөлімінің басшысы А.К. Сартықпаеваның ақпараты бойынша бүгінгі күні Ұлан ауданының Жанұзақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км жерде ұлан өзеніндегі гидротехникалық құрылыста 2023 жылдың 6 ақпанынан бастап жинақтаушы көлем жасау үшін су қоймасынан су жіберілді. Суды ағызу төменгі су ағызу арқылы жүзеге асырылады. Бұл гидротехникалық құрылыстың дайындығы қанағаттанарлық.Жұмыс жалғасуда және үнемі бақылауда.

 

https://www.instagram.com/reel/CqVEnk8KVS3/?igshid=YmMyMTA2M2Y=