ШҚО табиғатты қорғау құндылығы жоғары ормандардың тұжырымдамасын енгізу бойынша

ШҚО табиғатты қорғау құндылығы жоғары ормандардың   тұжырымдамасын енгізу бойынша

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Шартты іске асыруға сәйкес Қоғам 2021 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанда табиғатты қорғау құндылығы жоғары ормандардың тұжырымдамасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Пилоттық орман мекемелері («Зайсан орман шаруашылығы» КММ, «Пихта орман шаруашылығы» КММ, «Риддер орман шаруашылығы» КММ) қызметкерлерінің бөлу, бағалау және басқару мәселелері бойынша әлеуетін арттыру мақсатында 2 күндік гибридті (онлайн және офлайн) оқыту семинары Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында өткізілді.