
«Жер Сағаты»
Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2020 жылғы 28 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәселесіне назар аударуына және оның тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Осыған байланысты аталған Халықаралық экологиялық акцияға сыртқы жарықтандыруды, жарнама қалқандарын, билбордтарды, көше жарықтарын өшіру арқылы қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Аталған халықаралық оқиғаға қатысу табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға өзінің тиісті үлесін қосуға, сондай-ақ жеке және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылға дайындыққа мүдделілігін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл ҚР Экологиялық заңнамасында, сондай-ақ «Жасыл экономикаға көшу жөніндегі» ҚР Тұжырымдамасында көзделген бірлескен мақсаттарға қол жеткізудің барынша сапалы тетігін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Алдын ала қызығушылық танытытып қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Қосымша сұрақтар бойынша «Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы» ЗТБ-не мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 57-22-78, 8/747/ 917-33-83.