Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамыту жоспары шегіндегі шарттық міндеттемелерін орындау және ұйымдардың, кәсіпорындардың келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өтемдік шараларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жүзеге асырылады.
Негізінен балық жіберу балықтардың келесі бағалы түрлерімен жүргізіледі: сазан, тұқы, ақ амур және ақсаха түрлері (пайда, көкшұбар).
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстың балықшаруашылық су айдындарына 62,7 млн. данадан аса балықтың құнды түрлерінің шабақтары жіберілді, оның ішінде: бір жаздық тұқы (сазан) - 3,3 млн. дана, екі жылдық тұқы – 1,8 мың дана, ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілдері – 59 млн. дана, үш жылдық пайда – 368 мың дана.
Жоғарыда аталған балық шаруашылығы су айдындарына жіберілген көлемнің ішінде балық шаруашылығы субъектілері 11,5 млн. дананы құрады, оның ішінде: көкшұбардың дернәсілдері 9,4 млн. дана, бір жаздық тұқы 1,8 млн. дана, үш жылдық пайда – 368 мың дана.
Су энергетикалық кәсіпорындардың («АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС), кеме қатынасы («Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғарғы-Ертіс филиалы) және басқалар («Казцинк» ЖШС) балық жіберу көлемі: бір жаздық тұқы/сазан 424,164 мың.дана және екі жылдық тұқы 1,8 мың дана.
Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетімен мемлекеттік тапсырыс бойынша Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларына ақсаха балықтарының (көкшұбар, пайда) 30,4 млн. дана дернәсілдері және Жайсан көліне 500 мың. дана бір жаздық тұқы/сазанның шабақтары жіберілді; облыстық бюджет есебінен Бұқтырма су қоймасына 19,2 млн. дана көлемінде пайда дернәсілдері және Жайсан көліне 540 мың. дана бір жаздық тұқы шабақтары жіберілді.
Қазіргі уақытта балық ресурстарын сақтау және өсімін молайту мақсатында балық шаруашылық су айдындарына балық жіберу жұмыстары жалғасуда.
Балық жіберудің қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айының соңына қарай шығарылатын болады.