Бүгін 2022 жылдың 27 тамызында «Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ» КЕАҚ бас корпусы ғимаратында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесуі өтті.

Кездесу халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін күшейту мақсатында өтті.

Экология министрі өз баяндамасында тұрғындардың назарын «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруға аударды, оның шеңберінде 10-ы ірі қалада, оның ішінде Өскеменде және 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарындыларды 20%-ға қысқарту көзделеді.

Министр қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне тоқталды. ШҚО-да үш қалада бөлек жиын енгізілді. Өңірде қалдықтарды басқару бойынша 26 кәсіпорын жұмыс істейді.

Облыстағы геология саласын дамыту мәселелерін қозғай отырып, ведомство басшысы жер қойнауын геологиялық зерттеуге назар аударды.

Бұдан әрі жұртшылықпен кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында министр азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.