
Ағымдағы жылдын сәуірдің 23 мен 26 аралығында мемлекеттік қаржыландырумен халықаралық маңызы бар су айдыны - Бұқтырма су қоймасында балықтандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 16 165 000 дана ақсаха (пайда) балығының личинкалары жіберілді. Жіберу жұмысы ғылыми ұйым ұсынған - су қоймасының таулы бөлігінде жүзеге асырылды. Пайда личинкалармен балықтандыру екінші жылы жүзеге асырылуда. Аталған іс-шаралар жалғасатын болады.