Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы
Тауарлық балық өсіру көлемінің өсуіне қол жеткізу қолданыстағы (2 учаскені) кеңейту есебінен, және (7 учаске) жаңа шарбақтарды құру, - (9 учаскеде) қуаттылығы жылына 8,5 тонна, қолданыстағы (8 су айдынын) кеңейту және жаңа (11 су айдыны) көл шаруашылықтарын құру,- (19 көл) қуатылығы жылына 378 тонна, ("БНВХ" ЖШС) тоған шаруашылығының жобалық қуаттарын жетістіктері - жылына 773 тонна және ("OstFish" ЖШС) индустриялық шаруашылыққа– жылына 45 тонна қол жеткізілетін болады.
Бағалы балық түрлерін жасанды өсіру бағытында 3 жоба сәтті жүзеге асырылуда. (2020 жылы 325 тонна балық өндірілді) екеуі форель өсірумен айналысады ("Шығыс Универсал" ЖШС, "Гранд Фиш" ЖШС) және бір бекіре ("OstFish"ЖШС).
Бағдарламаны іске асыру үшін кезең-кезеңмен іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Бірінші кезекте конкурс бойынша резервтегі жаңа шаруашылықтарды (Бұқтырма су қоймасы 7 кәсіпшілік - шарбақ учаскесі және 11 көл-тауарлы балық шаруашылығы) айналымға тарту талап етіледі
Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар бойынша жобалық қуаттарға қол жеткізу жоспарлануда, субсидияларға қажеттілік есептелді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдаумен акваөсіру саласындағы тізбесі 6 түрге дейін кеңейтілді.
Анықтама: био негіздемелер және инвестициялық субсидиялар әзірлеуге жем, балық отырғызу материалын, дәрілік препараттарды, аналық басын сатып алуға арналған шығындар.
Бағдарламаны іске асырудың 10 жылы үшін 10,8 млрд.теңге субсидия қажет етіледі.
Тауарлы өсірудің негізін жем мен балық отырғызу материалдарының болуы құрайды, онсыз саланы дамыту мүмкін емес.
Бүгінгі таңда Алматыдан жемді жеткізу жолға қойылған. Облыс бойынша жемнің қажеттілік 2030 жылға қарай нормаларын сақтай отырып балықтарды азықтандыру, шамамен 15 мың тоннаны құрайды.
Облыста балық ұнын өндіретін 3 кәсіпорын бар ("Төре-Тоғам" ЖШС, "Рыбпром" ЖШС, "Рыбаки-Зайсан" ӨК), олар болашақта тұқы үшін жем дайындауға пайдаланылатын болады.
Жем құрамының түрлі нұсқалары іріктеліп, дайындау үшін облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға ұсынылды. Кәсіпорындар қосымша балық жемін шығару мүмкіндігін қарастыруда.
Анықтама: 2030 жылға қарай ҚР-ның жемге деген қажеттілік болжам бойынша жылына 654 мың тонна.
2030 жылға қарай 16 млн.дана балық шабақтарына (албырт - 11 млн., тұқы – 5,2 млн. және бекіре-62 мың) отырғызу материалына қажеттілікті құрайды.
Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы өткен жылы 4 млн.дана тұқы балықтарының шабақтарын өсірді. "Шығыс Универсал" ЖШС инкубцехінде ақсаха балықтарының дернәсілдерін алу жолға қойылды (2020 жылы 15 млн.дана).
Шабақтар мен ұрықтанған форель уылдырығы Польша мен Алматыдан әкелінген. Шабақтардың қажетті санымен қамтамасыз ету:
- тұқы шабақтарын өндіруге 2 шаруашылықты тарту (Кемерколь көлі және. Щербаков су қоймасы).
- албырт шабақтарын өндіруге 2 шаруашылығын тарту"Гранд Фиш" ЖШС және "Шығыс Универсал"ЖШС.
Гипофиз, уылдырық, шабақ алу үшін, сондай-ақ аналық басын құруға жыл сайын өсімін молайту үшін аулауға квоталар бөлу жоспарланған.
Осылайша, облыста тұқы және албырт (форель) отырғызу материалымен толық қамтамасыз етіледі.
Бекіре тұқымдас балық түрлері бойынша шабақтарды жеткізу Алматы қаласынан жолға қойылған, 2030 жылға қарай 62 мың дана бекіре шабақтарына сұранысқа ие.
Қажеттіліктің шамалы көлеміне байланысты, жеке өндірісіті ұйымдастырып бекіре шабақтарының тиімсіз, жеткізу қажеттілігіне қарай жалғастырылатын болады.