«Eсoqoldaý» жобасы

«Eсoqoldaý» жобасы

Тұрмыстық қалдық өңдеу ісін тартымды әрі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында ӨКМ Операторы 2021 жылдан бастап «Eсoqoldaý» жаңа жобасын іске қосты. Атап айтқанда әрбір аймақтағы қалдық жинаушы, тасымалдаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндігі ашылды. Ең бастысы сала қатысушыларына қойлатын талап-тілектер (құжат жинау) жеңілдетіледі.

Осылайша қалдық өңдеу саласын қаржылай ынталандыру арқылы әрбір өңірдің экологиялық және экономикалық дамуын арттыру көзделіп отыр.

Осы орайда қайта өңдеу саласында еңбек етіп жатқан аймақтағы кәсіпорындар мен салаға жаңадан қосылуға ниетті кез келген кәсіпкер ӨКМ Операторының «Eсoqoldaý» жобасына қатыса алады. Бір сөзбен айтқанда қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды (макулатура, шыны, пластик, металл қаптама) жинап, табыс көрудің жолы ашылып отыр.

«Eсoqoldaý» жобасы аясында кәсіпкерлерге 3 бағытта қолдау көрсетіледі. Қалдық жинаушы, оны өңдеушіге жеткізуші (тасымалдаушы) және қайта өңдеуші кәсіпкер қаржылай қолдауға ие болады. Қаражат кәдеге жаратылған қалдық көлеміне сәйкес төленеді.

Жобаға қатысамын деген кез келген кәсіпкер өзінің атқаратын қызметіне сәйкес (жинаушы, тасымалдаушы, өңдеуші) https://ecoqolday.kz/ сайтына кіріп тіркелуіне болады. Сонымен қатар телеграм желісіндегі арнайы Eсoqoldaý чатына қосылып (https://t.me/ecoqolday), жобаға қатысты егжей-тегжейлі сұрап-білулеріне болады.