«Жер сағаты» Экологиялық Акциясы

«Жер сағаты» Экологиялық Акциясы

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2021 жылғы 27 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәселесіне назар аударуына және оның тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

«Жер сағаты» - жаппай ғаламшар бойынша өткізілетін экологиялық акция. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд.астам адам қатысады.

Акцияның мақсаты - планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

«Жер сағаты» акциясы барысында WWF ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақырады.

Аталған Халықаралық экологиялық акцияға сыртқы жарықтандыруды, жарнама қалқандарын, билбордтарды, көше жарықтарын өшіру арқылы қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Аталған халықаралық оқиғаға қатысу табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға өзінің тиісті үлесін қосуға, сондай-ақ жеке және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылға дайындыққа мүдделілігін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл ҚР Экологиялық заңнамасында, сондай-ақ «Жасыл экономикаға көшу жөніндегі» ҚР Тұжырымдамасында көзделген бірлескен мақсаттарға қол жеткізудің барынша сапалы тетігін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты бастаманы қолдауды және осы акцияға қатысуды сұраймыз. Алдын ала қызығушылық танытытып қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.