Өскемен қаласында мобильді зертхана ауа сапасын өлшейді

Өскемен қаласында мобильді зертхана ауа сапасын өлшейді

Өскемен қаласында мобильді зертхана ауа сапасын өлшейді

Halyk Bank өңірге құны 65,5 млн теңге болатын мобильді экологиялық зертхананы табыстады. Жаңа кешен ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылап, экологиялық тәуекелдерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Табыс ету рәсімі барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мобильді кешеннің пайда болуы «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының бастамасының жалғасы екенін атап өтті. Экологтар өңірдің өнеркәсіптік орталығында мониторингті күшейту қажеттігін бұрыннан көтеріп келген, ал жаңа зертхана осы міндетті орындауға нақты құрал болып отыр.

Оперативті мониторингке арналған жоғары дәлдіктегі жабдық

Мобильді экозертхана Өскеменге тән негізгі заттардың концентрациясын анықтайтын заманауи талдау жүйелерімен жабдықталған:
— SO₂ (күкірт диоксиді),
— H₂S (күкіртсутек),
— NOₓ (азот тотықтары),
— CO (көміртек тотығы),
— HCl (хлороводород),
— Cl₂ (хлор),
— NH₃ (аммиак).

Зертхананың жылжымалы форматы ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін аймақтарға жедел шығып, жағдайға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар мен тұрғындар үшін ашық деректер

Өлшеу нәтижелері мемлекеттік органдарға жедел түрде жеткізіліп, облыс тұрғындарына қолжетімді болады. Бұл экологиялық мониторингтің ашықтығын күшейтіп, халыққа ауа сапасы туралы нақты ақпарат ұсынуға жол ашады.

Облыс әкімі ауа сапасы жөніндегі деректердің өзекті әрі қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, жылыту маусымы мен өнеркәсіптік аймақтарда атмосфералық жүктеме артатын кезеңде бұл сұраныс күшейеді. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, тұрғындар түсінікті әрі шынайы ақпарат күтеді, ал мобильді зертхана осы қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.