|
Жарияланған күні |
Хабарлама |
|
24.09.2025 |
24.10.2025 ж. сағат 11:00-де Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Серебрянская көшесі, 146 үй № 1 орта мектепте жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы, жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, қалдықтарды орналастыру бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы құжаттамаларының жиынтығымен 2026-2035 жылдарға «Қазцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэнергетика кешені үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш материалдары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласында орналасқан. Учаскенің бұрыштық нүктелерінің координаттары: 49°39'31.1" с.е., 83°20'49.3" ш.б. Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүргізіледі. Тіркеу талқылау басталғанға дейін 30 минут бұрын басталады. Қоғамдық тыңдауларға ZOOM платформасында бейне-конференц байланыс арқылы онлайн режімде қосылуға болады. Тыңдауға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://us06web.zoom.us/j/82924825008?pwd=ubo6w2BnUs31GC6WNNb3m37q8zHJlu.1 Конференция сәйкестендіргіші: 829 2482 5008 Кіру коды: 027187 Жобаның Тапсырыс берушісі: «Казцинк» ЖШС, заңды мекенжайы ШҚО, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі 1-ғимарат, индекс 070002, БСН: 970140000211, байланыстағы адам: И.В. Бойков, e-mail: Ivan.V.Boykov@kazzinc.com, тел.: 8 (72337) 29-395. Жобаны әзірлеуші: «СП-Вектор» ЖШС, БСН 140140022993, Өскемен қ., Серікбаев к-сі 1, 1-корпус, е-mail: mail@spvector.com, тел.8 (7232) 70-17-50. Жергілікті атқарушы орган: «Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, электрондық мекенжайы: g.zhunisbekova@akimvko.gov.kz, пошталық мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, тел. 8 (7232) 25-72-06. Әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініштің материалдары бойынша құжаттама ndbecology.gov.kz порталында және «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ЖАО https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru сайтындағы «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылған. Мына электрондық мекенжай мен телефон нөмірі арқылы ақпарат алуға және құжаттардың көшірмесімен танысуға болады: И.В. Бойков, e-mail: Ivan.V.Boykov@kazzinc.com, тел.: 8 (72337) 29-395. |
|
|
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар жүктеу |
|
29.10.2025 |
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жүктеу Қоғамдық тыңдаулардың бейне және аудиожазбасына сілтеме https://youtu.be/66vLVHEjS44 |