ШҚО «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Басқарма 7 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5354-ті құрады, оның ішінде электрондық түрде – 4093, қағаз түрінде – 1261. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 76,45 %-ды құрады.
2025 жылы барлығы 102 негізді бас тарту тіркелді.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық түрде көрсетіледі, орман кесу және орман билетін беру мемлекеттік қызметін қоспағанда (шалғай аудандарда техникалық мүмкіндіктің болмауына байланысты).
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қызметін қоспағанда.
Бірнеше жыл қатарынан ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – орман кесу билетін беру және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру болып табылады.
Басқарма және оған қарасты мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ осы ақпаратқа қол жеткізу көздері келесі ресурстарда орналастырылған:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау «Ашық НҚА» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Басқарма және оған қарасты мекемелер тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын және семинарлар өткізеді.
2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында басқарма тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша 37 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету процестері толықтай оңтайландырылып, автоматтандырылған.
Жыл сайын басқарма және оған қарасты мекемелер қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мемлекеттік бақылау қағидаларының 41-тармағына сәйкес жыл сайын 25 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. 2025 жылға арналған жоспар басқарма басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 81 бұйрығымен бекітілді.
2025 жылы жоспарға сәйкес басқарма 4 ведомстволық бағынысты ұйымда мемлекеттік бақылау жүргізді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының 8 бұзушылығы анықталды, қызмет көрсету сапасын арттыру және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 8 ұсыным әзірленді, ұсынымдардың орындалуын растайтын құжаттар бар.
Бақылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, толық емес құжаттар пакетімен қызмет көрсету, сондай-ақ стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталып, басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.