254 008 015 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасына 148 711,00 мың тг. қаражат бөлінді.
Барлығы 8 шарт жасалды, оның ішінде:
ашық конкурс – 4;
өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу – 4.
Іс-шаралардың бағыттары:
1) атмосфералық ауаны қорғау:
- Өскемен қаласындағы өндірістік экологиялық мониторингтің өңірлік автоматтандырылған өлшеу жүйесі (ӨЭМӨАӨЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 27 826,785мың тг.
Сатып алу тәсілі – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу.
Мердігер – «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС, БСН 111040018979;
2) радиациялық қауіпсіздік:
- Өскемен қаласының аумағында анықталған радиоактивті ластану ошақтарын жою – 96 868,8 мың тг.
Сатып алу тәсілі – ашық конкурс.
Мердігер – ТОО «Экосервис-С», БСН 020140000105;
3) биологиялық ресурстарды қорғау және молайту:
- Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасының балық шаруашылық су тоғанын балықтандыру – 9 856,00 мың тг.
Сатып алу тәсілі – ашық конкурс.
Мердігер – «ШыгысУниверсал» ЖШС, БСН 040640007779;
- Шығыс Қазақстан облысы Қара Ертіс балық шаруашылық су тоғанын балықтандыру – 7 707,770 мың тг.
Сатып алу тәсілі – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу.
Мердігер – Дуанканова Аида Оразхановна ЖК, ЖСН 890811400019.
- Халықаралық маңызы бар су тоғандары акваторияларында орналасқан балық шаруашылық учаскелерінің және әуесқой (спорттық) балық аулау учаскелерінің шекараларын (балық аулау рекреация аймақтарын) сәйкестендіру – 4 704,00мың тг.
Сатып алу тәсілі – ашық конкурс.
Мердігер – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Қазгеодезия" РМҚК, БСН 100840002590.
254 002 015 «Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу» бюджеттік бағдарламасына 1 164,688 мың тг. қаражат бөлінді.
Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен 1 шарт жасалды.
1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының шегіндегі Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу бойынша жобаны түзету – 1 164,688 мың тг.
Сатып алу тәсілі – запрос ценовых предложений.
Мердігер - ТОО «AspanTau LTD», БСН 051040009034.
254 081 015 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бюджеттік бағдарламасына 1 109 670,00 мың тг. қаражат бөлінді.
Барлығы 17 шарт жасалды, оның ішінде:
ашық конкурс – 5;
арнаулы тәртіп қолданылған конкурс– 6;
өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу – 1;
бағалы ұсыныныстарға сұраным – 5.
Іс-шаралардың бағыттары:
1) Шығыс Қазақстан облысының 49 ауылдарын жерасты суларымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары – 1 029 023,820 мың тг. (2020ж. – 553 123,00 мың тг., 2021ж. – 475 900,82 мың тг.)
Сатып алу тәсілі – арнаулы тәртіп қолданылған конкурс.
Мердігер – «Востоквзрывпром» ЖШС, БСН 010840001711;
2) Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы Ақтоғай ауылын сумен жабдықтау үшін Жүзағаш кен орнының жерасты суларының эксплуатациялық қорларын қайта бағалаумен жете барлау – 56 000,00 мың тг. (2020ж. – 32 922,00 мың тг., 2021ж. – 23 078,00 мыңтг).
Сатып алу тәсілі – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу.
Мердігер – «Востоквзрывпром» ЖШС, БСН 010840001711;
3) 16 ауылды жерасты суларымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары, 1 жете барлау, 2 барлау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасау – 23 647,00 мың тг.
Сатып алу тәсілі – ашық конкурс.
Мердігер – «Ғылыми-аналитикалық орталық» ЖШС, БСН 990940004524.