Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаға теріс әсерді болғызбау мақсатында әуе шарларын пайдалану мен ұшыруды көздейтін іс-шараларды өткізуге жол бермеу қажеттігіне назар аударады.
Мұндай тәжірибе қоршаған ортаға зиян келтіреді және ұзақ мерзімді жағымсыз салдарға әкеледі:
- резеңке мен пластиктің сынықтары топырақ пен су объектілерін ластайды;
- ыдырау өнімдері құстар мен жануарларға қауіп төндіреді;
- жаңартылмайтын ресурсты-гелийді пайдалану-табиғатты ұтымды пайдалану принциптеріне қайшы келеді.