Шығыс Қазақстан облысы  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

Шығыс Қазақстан облысы  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

 

Мемлекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» (ары қарай – Басқарма) табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін рационалды пайдалану бойынша мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету;

орман шаруашылығы, су шаруашылығы және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өсімдік және жануарлар дүниесінің, типтік, ерекше және сирек ландшафттардың биологиялық әртүрлілігін сақтау.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма 7 түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

Орман пайдалану және орман билетін беру – (электронды (бөліктей автоматтандырылған)/қағаз түрінде) - тегін;

Жылдам өсетін ағаштар мен бұталар отырғызу және өсіру, жеке орман питомниктерін құру және дамыту шығындарын өтемеу (жаңа);

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру, оны жергілікті атқарушы органдар жүргізеді – (электронды (толық автоматтандырылған)) - тегін;

Экологиялық әсер ету рұқсаттарын беру – (электронды (толық автоматтандырылған)) - тегін;

Жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттарын беру – (электронды (толық автоматтандырылған)) - ақылы/тегін. (Оқ ату, балық аулау (өндірістік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулану, мелиоративті аулану, қайта өндіру мақсатында аулану, Ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда жануарларды пайдалану, эпизоотияны болдырмау мақсатында жануарларды пайдалану, жануарлардың түрлерін қайта өндіру мақсатында пайдалану);

Аквакультура (балық шаруашылығы) өнімділігін және сапасын арттыруға, сондай-ақ балық шаруашылығының асыл тұқымды өндірісін дамытуға субсидиялау (жаңа);

Балық шаруашылығы субъектілері инвестициялық салымдар кезінде шығындарының бір бөлігін өтемдеу бойынша субсидиялау (жаңа).

Барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетіледі, орман билеті мен орман пайдалану билетін беруден басқа (қашық аудандарда техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты).

 Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі, тек жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттарын беру мемлекеттік қызметі ақылы/тегін болып табылады.

 2024 жылы 5791 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 4546 электронды түрде, 1245 қағаз түрінде. Демек, электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі – 78,5%.

Өткен бірнеше жыл бойы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттарын беру болды, оның саны 2024 жылы 3783 болды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін анықтайтын 7 бекітілген нормативтік-құқықтық актілер бар.

 Мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алу көздері мен орындары туралы мәліметтер төмендегі дереккөздерде бар:

Басқарманың ресми сайты;

Instagram әлеуметтік желілері;

фойеде тұғырлар.

Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын ашық талқылау «Ашық НҚА» порталында жүзеге асырылады.

Басқарма мен оған ведомстволық ұйымдар тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын және семинарларды жүргізеді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін Басқарма ведомстволық ұйым үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіруге арналған 11 іс-шара өткізді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету процестері оңтайландырылып, автоматтандырылған.

Жыл сайын Басқарма мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу жоспары жыл сайын 25 желтоқсанға дейін бекітіледі.

 2022 жылы бақылау жоспарына сәйкес Басқарма 4 ведомстволық ұйымды тексеріп, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың 8 бұзушылығын анықтады, 8 ұсыныс әзірленді, олардың орындалуына қатысты құжаттар бар.

2022 жылы бақылау шаралары 4 ведомстволық ұйым бойынша жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтар анықталды, ұсыныстар әзірленіп, толық орындалды.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, толық емес құжаттар пакетімен қызмет көрсету, стандартта қарастырылмаған құжаттарды талап ету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган бұзушылықтар анықтаған жоқ.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

2024 жылы Басқарманың екі қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Дата публикации
08 апреля 2025