Браконьерлікпен күрес

Облыс әкімдігімен тиімді табиғат қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі органдармен бірлесіп браконьерлікке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл сайын табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында жұмыс жоспарлары қалыптастырылады. Жыл бойы балық аулауға тыйым салынған тыныштық аймақтарына тұрақты шығу жүргізіледі.

Ағымдағы жылғы 1 жартыжылдығында ведомствоға бағынысты мекемелері жануарлар дүниесін қорғау бөлігінде 320 тәртіп бұзушылықты анықтады,оның ішінде 36 аң аулау ережелерін бұзу, 195 балық аулау ережелерін бұзу және 89 орман заңнамасын бұзу.

9 қылмыстық іс қозғалды және қаралды.

665 браконьерлік қару тәркіленді, оның ішінде браконьерлік аулау құралдары (балық аулау торлары, қақпан).

Дата публикации
14 июля 2023