Катонқарағай, Зайсан және Глубокое аудандарында 2023 жылға арналған Жол картасының «Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» орындалу барысы туралы

Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын бекітті.

Облыс бойынша Жол картасына барлығы 21 іс-шара енгізілген.

2021 және 2022 жылғы іс-шаралар толық көлемде орындалды.

2023 жылы 5 іс-шараны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

1) Глубокое ауданындағы Өскемен-Риддер қаласы автожолының 103 км ауданындағы Үлбі өзеніндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар;

2) Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы «Кеңес және К» ЖШС өндірістік базасы ауданындағы Үлбі өзеніндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар;

3) Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан жоғары Үлбі өзеніндегі жағалауды нығайту жұмыстары;

4) Катонқарай ауданында ұзындығы 300 метр Сарымсақты өзенінде жағалауды нығайту бойынша ағымдағы жұмыстар;

5) Зайсан ауданындағы ұзындығы 1500 м Жарлы өзенінің арнасын тазалау және жағалауды нығайту жұмыстары.

Бүгінгі күні, жоғарыда аталған 2023 жылдың іс-шаралары бойынша бюджеттік өтінімдер Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мәслихаттың Облыстық сессиясының қарауына жіберілді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды орындау тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың су басуына жол бермейді, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде халықтың әлеуметтік шиеленісін жояды.

Дата публикации
04 апреля 2023