2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жоба

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына,  «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес, (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
  2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Шығыс-Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастрылуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

                       әкімі                                                                                    Д. Ахметов

 

 

   

 

Дата публикации
15 февраля 2023