Тарбағатай, Катон-Қарағай аудандарында және Алтай қаласында 2022 жылға арналған «су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын іске асыру қорытындылары туралы.
Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын бекітті.
Анықтама: жол картасы Қазақстан Республикасы ТЖМ (2022 жылғы 26 қаңтардағы№ 29), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 46) және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің (2022 жылғы 7 ақпандағы№36) бірлескен бұйрығына сәйкес өзектендірілді.
Облыс бойынша Жол картасына жалпы сомасы 347 млн. 712 мың теңгеге 21 іс-шара енгізілді.
2022 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 166 млн. 688 мың теңгеге 9 іс-шара толық көлемде іске асырылды.
Анықтама:
Катонқарағай ауданы бойынша 5 іс-шара:
- Катон-Қарағай ауданы Сенное ауылындағы Бұқтырма өзенінде 2000 м ұзындықтағы жағалауды нығайту бойынша ағымдағы жұмыстар - жұмыстар 100% аяқталды.
- Катон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының маңында ұзындығы 3000 м бас канал арнасын тазалау - жұмыстар 100% аяқталды.
- Катон-Қарағай ауданы Көктерек ауылының маңындағы Көктерек өзенінде ұзындығы 200 м жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары - жұмыстар 100% аяқталды.
- Катон-Қарағай ауданы Ақсу маңындағы Ақсу өзенінде ұзындығы 200 м. жағалауды нығайту жұмыстары - жұмыстар 100% аяқталды.
- Катон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының маңындағы Суырка өзеніндегі жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары - жұмыстар 100% аяқталды.
Тарбағатай ауданы бойынша 2 іс-шара:
- Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының оңтүстік жағында ұзындығы 2500 м бөгетті ағымдағы жөндеу - жұмыстар 100% аяқталды.
- Терісайрық өзенінің арнасын Тарбағатай ауданының жер бөгеттері мен жалпақ жапқыштар құрылғысымен тазалау - жұмыстар 100% аяқталды.
Алтай ауданы бойынша 2 іс-шара:
- Соловьево ауылындағы Березовка өзеніндегі түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары – жұмыстар 100% аяқталды.
- Снегирево ауылындағы Березовка өзеніндегі диірмен өзенінің арнасын тереңдету, тазарту - жұмыстар 100% аяқталды.