Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы  29 қаңтардағы           № 359 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағы                           3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2526 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының  Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде  мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

                       әкімі                                                                                    Д. Ахметов

 

   

                                                                 

Дата публикации
14 февраля 2023