"ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ (бұдан әрі - басқарма) жергілікті атқарушы органның қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, жаңартылатын табиғи ресурстарды тиімді, тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, ормандықты арттыру және флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, халықтың қолайлы, қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне негіз ретінде қоршаған ортаның сапасын жақсарту жөніндегі уәкілетті бөлімшесі болып табылады. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаты барлығы 27 бірлікті құрайды.